ruenkz

Нұр-Сұлтан мен Стамбул арасындағы ұшақтар күніне екі рет ұшырылады

Құрылды 11.06.2019 09:36

2019 жылдың маусымынан бастап Нұр-Сұлтан мен Стамбул қалалары арасындағы әуе рейстерінің саны артады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Жазғы кезеңде отандық Air Astana авиакомпаниясы мегаполистер арасындағы рейстер санын аптасына бес реттен алты ретке дейін арттырады. Қосымша рейстерді Airbus A320 әуе кемелерінде жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айының басынан бастап Turkish Airlines түрік авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан мен Стамбул қалалары арасындағы рейстердің санын аптасына бестен жетіге дейін арттырады. Осылайша, Қазақстан астанасы мен Түркияның ірі қаласы арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 13 рейске дейін ұлғаяды, бұл елдер арасында саяхаттайтын жолаушыларға қосымша қолайлы жағдай жасайды, деп хабарлады Комитет.
 

18