ruenkz

Нұр-Сұлтан әуежайы жаңа код алады

Құрылды 12.06.2019 08:43

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша  Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы халықаралық әуе көлігі ассоциациясынан  (IATA) жаңа үш таңбалы код алады.

"Бүгін қазақстандық және шетелдік авиакомпанияларының өкілдері IATA әуе көлігі халықаралық қауымдастығының мүшелері «Эйр Астана», SCAT, «Белавиа», LOT Polish Airlines, Turkish Аirlines, Air China, «Өзбек авиажолдары» және Нұр - Сұлтанға тұрақты рейстерді орындайтын Fly Dubai-мен кеңес өткізді", - деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Кеңес қорытындысы бойынша, Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту туралы шешімді авиакомпаниялар бірауыздан қолдады. Бұл шешімнің хаттамасы халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) штаб-пәтеріне жіберілетін болады.

55