ruenkz

2020 жылы авиажолаушылар төлқұжатсыз ұшады

Құрылды 11.07.2019 08:45

Канада мен Нидерландыда Known Traveller Digital Identity жобасы іске қосылды, ол саяхатшыларға арнайы сервистердің көмегімен өзінің биометриялық деректерін басқаруға, соның ішінде тиісті бақылау аймақтарынан жылдам өту үшін кедендік және шекара қызметтерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл туралы The Sun жазады.

Адам туралы барлық ақпаратты, оның ішінде биометриялық деректерді қамтитын цифрлық төлқұжаттар 2020 жылы пайдалануға берілмек. Пилоттық жобаға Air Canada және KLM авиакомпаниялары қатысады. Британдық басылымның хабарлауынша, туристер өз смартфонын қолда ұстап, әуежайларда барлық процедуралардан өтеді. Мамандар жаңа технология кезекті азайтуға мүмкіндік береді және жеке мәліметтерді пайдалана отырып алаяқтық жағдайларын нөлге жеткізеді деп сенеді.

Айта кетейік, арнайы мобильді қосымша өзінің биометриялық және биографиялық ақпаратын басқаруға мүмкіндік беріп қана қоймай, осы жеке куәлік ретінде жұмыс істейді, банктік ақпарат пен білім туралы деректерді қамтиды. Болашақта виза смартфонға салынады деп жоспарлануда. Саяхатшыларды сандық сәйкестендіру шекарадан өткен сайын жаңартылып отырады,яғни шекарашылар жаңа деректер алады.

50