ruenkz

Болашақ диспетчерлер GLOBAL ATS АОО-дағы (Челтнем қаласы, Ұлыбритания) оқуын аяқтады

Құрылды 11.07.2019 09:01

Маусым айында GLOBAL ATS (Челтнем қаласы, Ұлыбритания) еуропалық жетекші Авиациялық Оқу Орталығында ӘҚҚ диспетчерлерінің бастапқы даярлық курстарында 8 болашақ ӘҚҚ диспетчерінен тұратын топ оқуын сәтті аяқтады. Студенттер жыл бойы ICAO және EASA стандарттарына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсету негіздерін зерттеді.

Оқу қорытындысы бойынша біздің түлектер жоғары ұпай алып, ICAO шкаласы бойынша авиациялық ағылшын тілінен тест тапсырды.    

Қазіргі уақытта бейімделу тренингінен кейін жас мамандар «Қазаэронавигация» РМК филиалдарында ӘҚҚ тағылымдамадан өтуші диспечерлері ретінде тағылымдамадан өтуде..

8