ruenkz

Оңтүстік-Шығыс әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

Құрылды 23.07.2019 11:40

Оңтүстік-Шығыс әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығында «Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалының қызметкерлері қадағалаудағы аймақта орналасқан көлік кәсіпорындары қызметкерлерінің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобымен кездесті, топ құрамында: Алматы қ. Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры А.Б. Тайбекова, Алматы қ. Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры Н.Н. Қасымбеков және Алматы қ. әлеуметтік әл-ауқат басқармасының еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы К. А. Ділдәбековтер болды.
Авиация саласының еңбек ұжымдарымен осы кездесу жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
«Авиациялық көлік прокуратурасы - бұл тек қадағалау органы ғана емес. Прокуратура өкілдері жыл сайын қадағалаудағы аймақта орналасқан кәсіпорындардың қызметкерлері алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп береді», - деп атап өтті Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры А. Б. Тайбекова.
Еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шарттарының сақталуын Қазақстан Республикасының Үкіметі бақылайды.
«Қазаэронавигация» РМК өте тұрақты және жайлы кәсіпорын болып саналады. Қызметкерлер тарапынан өтініштер мен шағымдар жоқ. Еңбекақы төлемі кешіктірілмейді.
Филиал директоры С.С. Наукеев кәсіпорын құрылғаннан бері басшылық қызметкерлерге қамқорлық жасайтынын атап өтті.  Кәсіпорын тұрақты, тек посткеңестік аренада ғана емес, халықаралық аренада да лайықты беделге ие екендігін айтты.
 

16