ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК-ның Атырау филиалындағы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ студенттерінің өндірістік тәжірибесі

Құрылды 25.07.2019 09:22

     «Қазаэронавигация» РМК және «Азаматтық авиация академиясы» АҚ арасында жасалған шартқа сәйкес «Азаматтық авиация академиясы» АҚ –ның «Ациациялық техника және технологиясы» мамандығы бойынша оқып жатқан үшінші курс студенттері 2019 жылдың 09 шілдесінен бастап 31 тамыз кезеңі аралығында өндірістік тәжірибеден  «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында өтіп жатыр.
     Тәжірибе – бұл мамандарды кәсіби дайындаудың маңызды бір шарасы болып табылады. Ол өзінің кәсіби таңдауын жүзеге асырудың дұрыстығын терең түсінуге, оқу барысында алған теориялық білімдерін қалай игергенін тексеру, болашақ мамандығының кәсіби маңызды сапасын анықтауға көмектеседі. 
      Тәжірибеден өтушілер филиал қызметкерлері арасынан тәжірибелік жетекшілердің басшылық етуімен кәсіби шеберліктерін шыңдай бастады. Филиалда болашақ мамандардың кәсіби бейімделулері және оларға тәжірибелік дағдыларын бекітулеріне барлық жағдай жасалды.
      
 
 

15