ruenkz

Пекинде көлемі 100 футбол алаңындай болатын әуежай ашылады

Құрылды 23.07.2019 15:05

Қытайдың Пекин қаласында әлемдегі ең үлкен Дасин әуежайының құрылысы аяқталды. Оның ашылуы 1949 жылғы 1 қазанда Мао Цзэдунның ҚХР-ды құрған күніне орай кезекті мерейтойды тойлау қарсаңында өтеді. 
2019 жылғы 30 қыркүйекте Пекинде жаңа әуежайдың салтанатты ашылуы өтеді. Әуе айлағы үлкен жарқыраған теңіз жұлдызына ұқсайды, ал оның аумағы 700 мың шаршы метрге тең. Объектінің құрылысына миллиардтаған доллар жұмсалды.
Дасин әуежайының ғимараты Тяньаньмэнь ауданынан оңтүстікке қарай 46 км жерде орналасқан. Әуе айлағының баспасөз қызметі аэровокзал 2025 жылға қарай толық қуатпен жұмыс жасайды деп мәлімдейді. Төрт ұшу-қону жолағы қазірдің өзінде жылына 620 мың рейс пен 72 миллион жолаушыны қабылдай алады. 2024 жылға қарай әуежайдың көлемі 8 ұшу-қону жолағы, оның ішінде әскери мақсаттағы жолақ санына ұлғаяды деп күтілуде. Аэровокзал 100 миллионнан астам адамды қабылдай алады. Жаңа аэровокзал және оған іргелес жатқан аумақ 100 футбол алаңына тең (700 мың шаршы метрден астам).
 

11