ruenkz

Ақтау филиалының қызметкерлері табиғатта демалды

Құрылды 29.07.2019 15:43

27 шілде күні Ақтау филиалының қызметкерлері Каспий теңізінің жағасында орналасқан «Sunset» базасына барып, корпоративтік демалыс ұйымдастырды.
Демалыс орнында белсенді демалуға барлық жағдай жасалған: ересектер мен балалар бассейні, жағажай волейболы алаңы, балалар ойнайтын алаңдар және т. б.
Филиал қызметкерлері өз отбасыларымен бірге жағажайлық волейбол, шағын футбол ойнап, суда жүзіп, көптеген айларға күш-қуат алып, таза ауада тамаша уақыт өткізді.  
 
 

42