ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығының маманы Сингапур авиациялық академиясындағы «Aviation Weather Risk Management» оқу курсына қатысты

Құрылды 30.07.2019 15:21

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығының мамандары әлемнің ең алдыңғы қатарлы авиациялық оқу орталықтарында мерзімді білім алу арқылы өзінің кәсіби деңгейін қолдап отырады.
Мәселен, 2019 жылғы 22-26 шілде аралығында Сингапур авиациялық академиясындағы ИКАО TRAINAIR PLUS өңірлік оқу орталығында «Aviation-Risk Management» оқу курсы өтті, оған Кәсіби даярлау орталығының ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналды, ӘҚҚ диспетчерлерін, ATSEP (РТОС) мамандарын және авиациялық кәсіпорындардың басқа да персоналын авиациялық метеорология бойынша дайындаумен айналысатын маманы қатысты.
Осы курс аясында метеорология саласындағы ғылым мен техниканың ең озық және күтілетін жетістіктері мен осы жетістіктерді жедел қызметке енгізу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар курс тыңдаушылары метеорологиялық ақпаратты ұсыну мен пайдалану және әуе қозғалысына қызмет көрсету саласындағы елеулі өзгерістермен танысты.
Халықаралық азаматтық авиация 2030 жылға дейінгі кезеңге есептелген ауқымды модернизациялау бағдарламасына кіріседі, мұндай түбегейлі өзгерістерге Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) бастамашылық етті және олар жаһандық келісілген және дәйекті метеорологиялық ақпаратты талап ететін әуе қозғалысын ұйымдастырудың жаһандық үйлесімді және келісілген жүйесін құруды көздейді.
 

37