ruenkz

Ақтау қаласының әуежайында DVOR-432/DME-435 азимуттық және қашықты өлшеу маяктары пайдалануға берілді

Құрылды 01.08.2019 14:59

18 шілдеде UTC бойынша сағат 03.00-де Ақтау қаласының әуеайлағында DVOR-432/DME-435 азимуттық және қашықтықты өлшеу радиомаяғының жабдығы пайдалануға берілді.
ӨЖЖ-диапазонды DVOR барлық жаққа бағытталған азимуттық радиомаягы мен DME қашықты өлшеу жабдығы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ICAO) жақын және орташа қашықтыққа ұшу кезінде әуе кемесін басқару үшін халықаралық навигация жүйесі ретінде ұсынған радионавигациялық құрал болып табылады.
DVOR/DME радиомаяктары азаматтық авиация әуе кемелерінің экипаждарына трассаларда, әуеайлақ маңында ұшуды қамтамасыз ететін навигациялық ақпаратты беруге және қонуға бет алу үшін әуеайлақтар мен трассаларда орнатылады.
Барлық жаққа бағытталған ӨЖЖ диапазонды DVOR432 азимуттық радиомаягы және DME 435 қашықтықты өлшеу жабдығы Ақтау қаласының әуеайлағында 1996 жылы пайдалануға беріліп, ресурсы аяқталған VOR System 4000/DME FSD-45 жабдығының орнына орнатылды.
 DVOR радиомаягы VOR радиомаягымен салыстырғанда, ӘК бортында азимутты нақтырақ анықтауды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, DVOR радиомаягына оған өте жақын орналасқан жергілікті заттардың әсер болмайды, соның есебінен жабдық параметрлерінің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Жаңа DVOR 432/DME 435 жабдығының орнатылуына байланысты Ақтау қаласының әуеайлағындағы ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығы арта түспек.
 

46