ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері триатлоннан «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңіне қатысты

Құрылды 06.08.2019 11:57

2019 жылы 4 тамызда Алматы қаласындағы Сайран көлінде триатлоннан «Азия кубогы – 2019 ASTC Almaty Triatlon Asian Cup» халықаралық жарысы аясында Age Group (әуесқойлар) санатындағы атлеттер арасында «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңі өтті. Қазақстан триатлон федерациясы ұйымдастырған бұл жарыстар Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді.
Алматыда Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан және Оңтүстік Кореяның 18-60 жастағы 182 триатлет-әуесқойлары кездесті.
Спортшылар 1500 м жүзу, 40 км веложарыс және 10 км жүгіру бойынша үш кезеңнен тұратын олимпиадалық қашықтыққа жарысты.
Жарысқа әкімшілік және кадрлық жұмыс департаментінің қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Хамет Альбертович Сераев қатысты.
Алматы спортшыларды ыстық ауа райымен қарсы алды, дегенмен жарыс қарқынды өтті.
Х. А. Сераев күннің ыстығына, жер бедерінің күрделілігіне қарамастан үш сағат жеті минут ішінде 1,5 км жүзіп, 40 км велосипедпен және 10 км жаяу жүгіріп өтіп, өзінің жас санатында жүлделі үшінші орынға ие болды.
Бүкіл жарыс бойы Х. А. Сераевқа «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалының өкілдері –қызметкерлермен жұмыс істеу және ісқағаздарын жүргізу бөлімінің бастығы Б.Н. Саламатова және қызметкерлер жөніндегі аға менеджер Н.К.Соколова қолдау көрсетті.
Бұл жарыстың финалдық бөлігі күзде Ақтауда Каспий жағалауында өтеді.
 
 

31