ruenkz

Бурабайдағы корпоративтік демалыс

Құрылды 07.08.2019 12:10

Корпоративтік іс-шара, әсіресе жұмыс күндерінен тынығу үшін табиғаттағы белсенді корпоративтік демалыс кез келген ұйым үшін өте маңызды.
2019 жылдың 3-4 тамыз күндері Көкшетау филиалының ұжымы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен табиғаттың керемет ұштасқан тұсы –  Шортанды - Бурабай курорттық аймағына демалысқа шықты. Қазақстанның бірегей көркем табиғаты әсемдікті бағалап, бейресми қарым-қатынаста белсенді демалу үшін ұмытылмас ерекше әсер сыйлайды.
Қызметтер арасында спорттық және аспаздық жарыстар өткізілді, ал кешке самаурыннан шай ішу ұйымдастырылды.
Мұндай демалыс өндірістік проблемаларды, шешілмеген отбасылық мәселелер мен басқа да күнделікті күйбең тіршілікті ұмытуға, салауатты өмір салтын  ұстануға, денсаулықты нығайтуға, ұжымда корпоративтік рухты көтеріп, ауызбіршілікті арттыруға ықпал етеді.
Қызметкерлер Бурабайдың мөлдір таза, тыныш көлі жағасындағы қарағайлы орманында демалып, сергектік пен серпіліс зарядын алды. Жалпы бұл демалыс қызметкерлердің еңбек міндеттерін тиімді әрі сапалы орындауына септігін тигізері сөзсіз.
 

9