ruenkz

Finnair рейстерді биологиялық отынмен орындай бастады

Құрылды 08.08.2019 10:42

Finnair авиакомпаниясы ЕО-дағы шығарындыларды сату жүйесінің қатысушысы бола отырып, рейстерді биоотынмен орындай бастады делінген тасымалдаушының хабарламасында.
Логистиканың күрделілігіне байланысты және пайдаланылған ас үй майларынан биоотын өндіріп, сататын әлем бойынша жалғыз өндіруші – Калифорнияда орналасқан SkyNRG компаниясы ғана болғандықтан Хельсинкиден Сан-Францискоға және кері қарай әзірге екі рейс.
Finnair 12% биоотын қоспасын  пайдаланып, рейстерді Сан-Франциско әуежайынан Хельсинкиге және кері қарай орындайтын болады. Осы екі рейс СО2 шығарындыларының жалпы мөлшерін шамамен 32 тоннаға қысқартады», — деп хабарлайды тасымалдаушы.
ЕО шығарындыларының сауда жүйесі (EU ETS) электр станцияларынан, өнеркәсіптің және азаматтық авиацияның энергияны көп пайдаланатын салаларынан шығатын CO2 шығарындыларының ортақ шекті шамасын белгілемек.

25