ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығының мамандары авиациялық ағылшын тілі бойынша оқу курсына қатысты

Құрылды 08.08.2019 11:19

Кәсіби дайындау орталығының мамандары 2019 жылғы 29 шілде мен 02 тамыз аралығында Англияның Борнмут қаласындағы Anglo-Continental оқу орталығында өткен «Course of Teaching methodology for Aviation English and Radio-Telephony Phraseology in English» оқу курсына қатысты.
1950 жылы құрылған Anglo-Continental оқу орталығы 60 жылдан астам уақыт бойы авиациялық ағылшын тілі бойынша мамандар даярлайтын аккредиттелген жетекші мектеп болып табылады.
Курс авиация саласында жұмыс тәжірибесі бар нұсқаушыларды оқыту саласындағы заманауи технологиялар қолданылып өткізілді. Курсқа қатысушылардың авиациялық ағылшын тілін оқыту, оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу кезінде қолданылатын қазіргі заманғы мультимедиялық бағдарламаларды іс жүзінде қолданып көру мүмкіндігіне ие болды.
Аталған курс аясында авиациялық ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдері, сондай-ақ авиациялық персоналды оқытуда қиындық тудыратын мәселелер қарастырылды.
 

8