ruenkz

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлерге іріктеу жариялады

Құрылды 09.08.2019 10:09

Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі үшін қызметкерлер іздеуде, деп хабарланған Азаматтық авиация комитетінің телеграмм-арнасында.
«Біз елдің экономикалық дамуы аясында Қазақстанның азаматтық авиациясын реттеудегі көзқарасты өзгертеміз. Біз азаматтық авиацияның жаңа реттеушісіне қосылғысы келетін және біздің авиациялық жүйемізді әлемдік деңгейдегі үлгілі жүйеге айналдыруға көмектесетін адамдарды іздейміз. Қазіргі уақытта «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ өз жұмысын бастады», – делінген хабарламада.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен орын алуға авиациялық және авиациялық емес мамандықтағы қызметкерлер үміткер бола алады:
  • авиациялық инженерлер;
  • ұшқыштар;
  • диспетчерлер;
  • IT-мамандар;
  • персоналды басқару жөніндегі мамандар;
  • әуеайлақ және жердегі қызмет көрсету мамандары;
  • авиациялық персоналды лицензиялау жөніндегі мамандар;
  • медициналық сарапшылар;
  • кабиналық экипаж мүшелері және басқалар.
Авиация халықаралық сала болғандықтан, ағылшын тілін меңгерген адамдарға артықшылық беріледі деп атап айтты Азаматтық авиация комитеті.
Түйіндеме қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: hr.caa@miid.gov.kz.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2018 жылдың қараша айында құрылды. Ол саланы реттеудің үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес ұшу қауіпсіздігін техникалық бақылау және қадағалау функцияларын орындауға бағытталған.
2019 жылы 1 тамызда ұйымның бас директоры болып Питер Гриффитс мырза тағайындалды.

9