ruenkz

Кәсіби дайындау орталығында «Post-training evaluation/Оқудан кейін бағалау» ИКАО курсы өткізілді

Құрылды 12.08.2019 12:15

        Кәсіби дайындау орталығы ICAO TRAINAIR PLUS халықаралық бағдарламасы аясында жұмысын жалғастыруда.
        Авиациялық мамандарды даярлау сапасына үлкен мән бере отырып, ИКАО жаһандық халықаралық бағдарлама арқылы даярлаудың жоғары стандарттарын енгізу арқылы осы ұйымның мүшелеріне белсенді қолдау көрсетеді. Осылайша, TRAINAIR PLUS оқу курстарының сапасын жақсарту мақсатында оқытудан кейін курсты бағалау әдістемесі әзірленді.
    Осы әдіснамамен танысу үшін 2019 жылдың 5-9 тамыз аралығында Алматы қаласындағы КДО базасында ИКАО «Post-training evaluation/оқудан кейінгі бағалау» курсы ұйымдастырылды және өткізілді. Аталған курсқа КДО мамандарынан басқа Кения және Уганда авиациялық оқу орталықтарының мамандары да қатысты.
  Оқытудан кейінгі курсты бағалау әдістемесі даярлаудың біліктілік жүйесінің компоненттерінің бірі болып табылады. Оқудан кейін курсты бағалау рәсімдерін енгізу авиациялық оқу орталықтарына оқыту процесінің және оның нәтижелерінің өзара іс-қимылы туралы түсінік береді, сондай-ақ курстың тиімділігін және оқытудың еңбек өнімділігіне әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістеме оқу үрдістерін, оқу курстарын жақсартуға және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
      Курстың барлық қатысушыларына ИКАО сертификаттары берілді, енді алда КДО-да оқығаннан кейін курсты бағалау процедурасын әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстар тұр.
 

7