ruenkz

Рейстер жиі кешігетін елдер рейтингі жасалды

Құрылды 13.08.2019 09:53

Әуе көлігі жолаушыларының құқықтарын қорғауға маманданған AirHelp компаниясының зерттеуі бойынша жолаушылар авиарейстердің кешігуіне немесе тоқтатылуына жиі тап болатын елдер Греция, Германия және Қытай екен.
Талдау 2019 жылдың наурыз-маусым айларында  ең танымал 15 ел арасында жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша ұшып шығу кезінде проблемалармен ең жиі Қытай жолаушылары тап болады екен: зерттелген уақыт кезеңінде мұнда рейстер 15 минутқа кешіктіріліп, әрбір үшінші рейс кейінге қалдырылды. Уақытқа немқұрайлы қарайтын елдер тізімінде екінші орынды Германия иеленді, онда әуежайларда рейстердің кешігуі 25%, үшінші орындағы Грецияда - 24%.
Сондай-ақ, AirHelp  туристер жазда жиі демалатын оңтүстік елдерде ұшып шығуда қиындықтар аз екенін атап айтты: Италияда 20%, Кипрде 17,5%, Болгарияда 16%.
Рейтинг бойынша уақытқа ең ұқыпты бағыттар ТМД — Қазақстан (12%), Молдавия (9%) және Белоруссия (6%) болды.

3