ruenkz

Uzbekistan Airways авиакомпаниясы ескі ұшақтарын жаппай сатуда

Құрылды 14.08.2019 10:06

Өзбекстанның ұлттық авиакомпаниясы –  Uzbekistan Airways әуе кемелері паркін біріздендіру стратегиясын іске асыру шеңберінде сақтаудағы ұшақтарды жаппай сатуда. Сатуға 18 ескі машина қойылды, деп хабарлады Ато.ru авиация порталы.
Авиакомпания флотты Өзбекстан президентінің «Өзбекстан Республикасының азаматтық авиациясын түбегейлі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде жаңарта бастады. Шавкат Мерзиёев бұл құжатқа 2018 жылдың қараша айында қол қойды. Биылғы жылы Uzbekistan Airways екі Airbus A320neo ұшағын алды, сондай-ақ төртінші және бесінші алыс магистральды Boeing 787-8 ұшағын пайдалануға берді. Тасымалдаушының даму жоспарына сәйкес, 2020 жылы оның паркінде осы үлгіде алты машина болады, мұның арқасында Uzbekistan Airways авиакомпаниясы ТМД аумағындағы Dreamliner ұшақтарының жетекші пайдаланушысына айналады.
Қазіргі уақытта Uzbekistan Airways әуе кемелері паркі батыста шығарылған Airbus A320, Airbus A320neo, Boeing 757, Boeing 767 және Boeing 787-8 сияқты тек реактивті ұшақтардан тұрады.
 

3