ruenkz

Авиациялық қауіпсіздік саласындағы Тәжік мамандары Алматыда дайындықтан өтеді

Құрылды 14.08.2019 10:56

ААК Тәжікстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын дайындауда көмек көрсетеді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастық жасайды және өзара іс-қимыл жасайды.
ИКАО «NO COUNTRY, LEFT BEHIND» (бірде-бір ел назардан тыс қалмайды) халықаралық бағдарламасы шеңберінде Комитет Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға көмек көрсетеді.
Тәжікстанның азаматтық авиация әкімшілігінің «Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» курсы бойынша бес маманын даярлау Алматы қаласындағы ҚР Азаматтық авиация академиясы жанындағы ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша Оқу орталығында өтуде.
Оқылатын бағдарламаға сәйкес Алматы қаласының әуежайында практикалық сабақтар, сондай-ақ тәжірибе алмасу және авиакәсіпорынның қауіпсіздік жүйесімен танысу өтеді.
ИКАО тексерулерінің әмбебап бағдарламасына сәйкес, Тәжікстанға жыл соңында авиациялық қауіпсіздік бойынша аудит өтеді. ИКАО аудитінің негізгі талаптарының бірі - авиациялық қауіпсіздік саласында персоналды сапалы даярлау және біліктілігін арттыру.

 

6