ruenkz

Airbus компаниясы МАКС-2019 халықаралық авиағарыш салонында өзінің жаңа әзірлемелерін ұсынады

Құрылды 15.08.2019 14:17

Airbus 27 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Жуковский қаласында өтетін МАКС-2019 халықаралық авиағарыш салонында өзінің жаңа әзірлемелерін ұсынады. Компанияның жаңа А350-900 (MSN002) ұшағы статикалық экспозицияда ұсынылады, сондай-ақ 27-31 тамыз аралығында демонстрациялық ұшуларға қатысады.
А350-900 (MSN002) өзінің алғашқы ұшуын 2014 жылы 26 ақпанда орындады. Ұшақ лайнердің конструкциясында композитті материалдарды пайдалану бойынша озық технологияларды бейнелейтін карбон ливреямен ерекшеленеді (шамамен 53%).
Ұшақта жолаушылар салоны, сондай-ақ компанияның Airbus Connected Experience жаңа шешімінің кейбір элементтері орнатылады, ол жолаушылар жайлылығының деңгейін арттыруға ғана емес, ұшу кезінде экипаж бен жолаушылардың өзара қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Airbus стендінің негізгі тақырыбы компания биылғы жылы атап өтетін 50 жылдық мерейтой болмақ. Экспозиция сондай-ақ А321LR және А350-1000 ұшақтарының ірі өлшемді модельдерін, жер бетін бақылау бойынша ғарыш бөлімшесінің өнімін қамтиды.
Сонымен қатар, стендке келушілер Airbus әлеміне қызықты виртуалды саяхат жасап, авиацияның болашағын көре алады.
 
 

18