ruenkz

Алматы әуежайында ICAO сертификаты бар Қазақстандағы алғашқы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушы пайда болды

Құрылды 15.08.2019 14:27

Алматы халықаралық әуежайының қызметкері Қазақстанда алғаш рет ICAO сертификатын алған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушы атанды. Әуежайда ICAO стандарттары бойынша қауіпсіздік жүйесі енгізілуде.
Алматы халықаралық әуежайының авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы Галина Усова Қазақстанда алғаш рет ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) сертификатын алды. Бұл қызметкердің әуежайда жұмыс істегеніне 20 жылға жуық уақыт болды. Галина Усова еңбек жолын тексеру агентінен бастап, қазір авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушы және қауіпті жүктерді оқыту жөніндегі нұсқаушы.
«Галина Усова ИКАО халықаралық сертификаты бар Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы нұсқаушы. Ол ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросы ұйымдастырған  сертификаттау бойынша сессияға қатысты. Нұсқаушылар тренингтен өтіп, күрделі тест тапсырды. Нәтижесінде кейбіреулер тыңдаушылар болып қана қалса, Галина Халықаралық азаматтық авиация ұйымының іс - шараларында авиациялық қауіпсіздікті оқыту құқығының жалғыз иегері атанды», - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Алматы әуежайында кезең-кезеңімен ИКАО стандарттары бойынша ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі енгізілуде. Әуежайдың қауіпсіздік жүйесі бойынша нұсқаулықтар мен әдістемелер халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның және әуежайдың басқа бөлімшелерінің басшылары ICAO институтының оқу курсынан өтті. Әрі қарай оқудан әуежайдың орта буын басшылары өтетін болады.
 

14