ruenkz

АҚШ-та Apple ноутбуктерін ұшақтарда тасымалдауға тыйым салады

Құрылды 19.08.2019 10:23

АҚШ-та Apple ноутбуктарының кейбір модельдерін ұшақ бортына алуға тыйым салынады.
Азаматтық авиацияның федералдық басқармасы Apple компаниясының мәлімдемесіне байланысты кейбір MacBook Pro ноутбуктеріне тыйым салады деп мәлімдеді.
Apple кейбір құрылғылардағы батареялардың жану қаупі бар екенін хабарлады. 
Ведомство АҚШ-тың ірі авиакомпанияларын хабардар етіп, өндірушілер қайтарып алған ақаулы батареялары бар құрылғыларды тасымалдауға болмайтынын еске салды.
Қарастырылып отырған өнімдер - 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың ақпан айына дейін сатылған 15 дюймдік MacBook Pro.
Маусым айында Apple ескі үлгідегі ноутбуктардың кейбір модельдері қызып кетуі мүмкін және қауіп төндіреді деп мәлімдеді.
Төрт әуе компаниясы бұл компьютерлерді ұшақпен тасымалдауға тыйым салды.
 

43