ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері Спорт күніне орай өткізілген веложарысқа қатысты

Құрылды 19.08.2019 13:19

Кеше 18 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Спорт күніне орай бұқаралық веложарыс өтті.
«Салтанат Сарайынан» бастап Қабанбай батыр даңғылының бойымен Ұлы Дала көшесіне дейін және Тұран даңғылымен кері қарай өткен веложарыстың қашықтығы 14 шақырымды құрады. Бұл іс-шараға әртүрлі жастағы 500-ге жуық велосипедші қатысты.
Бұл іс-шарадан біздің әріптестеріміз де шет қалмады. 14 км қашықтықты ұшу процедураларының дизайны және картография бөлімінің бастығы    Е. Б. Құралбеков, қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Х. А. Сераев және мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және сүйемелдеу бөлімінің жетекші маманы М. Т. Шаймарданов жүріп өтті.
Веложарыс аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында 10 велосипед ұтысы өткізілді, олардың көпшілігін балалар ұтып алды.
 
 

60