ruenkz

«Боралдай» алыс жердегі орнында заманауи метеорологиялық жабдық орнатылды

Құрылды 20.08.2019 18:10

Кәсіпорынның Инвестициялық жоспарына сәйкес, «Қазаэронавигация» РМК «Оңтүстік-Шығыс ӘҚҰ ӨО»  филиалының метеорологиялық қызметінің «Боралдай» алыс жердегі орнында берілетін метеорологиялық ақпараттың сапасын арттыруды қамтамасыз етуге қабілетті заманауи метеорологиялық жабдық орнатылды.
Жабдықтың құрамына метеорологиялық датчиктер жиынтығы, яғни көріну шамасын өлшеуіші (Fs11 Нефелометр), желдің жылдамдығы мен бағытын өлшеуіші (WAA151, WAV151), атмосфералық қысымды өлшеуіші (PTB330) және ауаның ылғалдылығы мен температурасын өлшеуіші (HMP155) бар «Кешенді радиотехникалық әуеайлақтық метеорологиялық станция» (КРӘМС-4) кіреді.
Жиынтығы әртүрлі КРӘМС-4 станциясы түрлі елдердің 120-дан астам әуеайлағында, тікұшақ айлақтарында және тікұшақ алаңдарында, оның ішінде ИКАО I-III санатты 50 халықаралық әуежайда орнатылған.
 
 

49