ruenkz

Нұр-Сұлтан әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты авиарейстер уақыты ауыстырылады

Құрылды 21.08.2019 14:30

Ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты 13-30 қыркүйек аралығында елордалық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында авиарейстер уақыты ауыстырылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын ағымдағы жоспарлы жөндеу жұмыстары жоспарланған.                13-30 қыркүйек аралығында сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жоспарланған барлық авиарейстер таңғы сағат тоғызға дейінгі немесе түскі сағат бірден кейінгі уақытқа ауыстырылады.
23 - 24 қыркүйекте елордада Еуразия парламенттерінің саммиті өтетіндіктен авиарейстер уақытында ұшады.
Рейстердің ұшып келу және ұшып шығу уақыты авиакомпаниялармен келісілуде.
Жолаушылар рейстер туралы нақты ақпаратты ұшып шыққан немесе ұшып келген күні елордалық әуежайдың 8(7172)702-999 анықтама бөлімінен ала алады.
 

52