ruenkz

Қытай әзірлеушілері әуе таксиін жасауда

Құрылды 22.08.2019 10:25

EHang Қытай компаниясы жаңа буынның көлік құралдарын әзірлеумен айналысуда. Techcrunch порталының хабарлауынша, компания Гуанчжоуда әуе таксиінің тұтас желісін құруды жоспарлап отыр.
Ұшатын автомобильдер толығымен автономды болады, ал ұшуларды бірыңғай басқару орталығы бақылайды деп жоспарлануда.  Сонымен қатар, әуе таксиінің оңтайлы жұмысы үшін қажетті көлік инфрақұрылымын құру қажет. Әзірлемелер Гуанчжоу үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Халқының тығыздығы жоғары, автомобильдері көп және тұрақты трафикті жолдары бар қалалар үшін әуе таксиі желісінің артықшылықтары көп. Әзірлеушілердің пікірінше, 15 млн астам адам тұратын қалың қоныстанған Гуанчжоуда ұшатын такси қызметі ерекше сұранысқа ие болады.
 

16