ruenkz

Спорт – бұл күш-қуат, спорт – бұл өмір!

Құрылды 22.08.2019 14:46

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу аясында 21 тамызда Қостанай әуежайында әуе айлағы аумағында жұмыс істейтін ұйымдар арасында спартакиада өткізілді.
Жарыс арқан тарту, үстел теннисі, шағын футбол, волейбол және гір спорты сияқты спорт түрлерінен өтті.
«Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалының командасы жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Жарыста ерекше көзге түскен электрик А.А.Сметанин (үстел теннисі) болса, ең үздік ойыншы болып МҚК инженері У.М.Сапар (волейбол) танылды.
Спартакиада 17 жыл бойы жыл сайын өткізіліп келеді, ол корпоративтік рух пен мәдениетті күшейтуге бағытталған.
 
 
 

75