ruenkz

Boeing ұшақтарды жеткізуді 38%-ға қысқартты

Құрылды 23.08.2019 11:27

Авиақұрылыс корпорациясының сайтында жарияланған деректерге сүйенсек, Boeing корпорациясының ағымдағы жылғы жеті айда тапсырыс берушілерге жеткізген ұшақ саны өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 38,1% - ға кем, деп хабарлайды Прайм.
Осы кезеңде компания 258 ұшақ жеткізсе, өткен жылдың осы кезеңінде 417 ұшақ жеткізген болатын. Негізінен Boeing 737 MAX ұшақтарын жеткізу азайды. Өткен жылғы жеті айда тапсырыс берушілерге 298 ұшақ жеткізілсе, ағымдағы жылы барлығы 115 ұшақ жеткізілді.
Компания деректері бойынша шілде айының ортасында америкалық Boeing Co концернінің таза шығыны 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 793 млн долларды құраған, ал бір жыл бұрын компания 4,673 млрд доллар таза пайда алған.

 

17