ruenkz

«Эйр Астана» 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржылық көрсеткіштерін жақсартты

Құрылды 23.08.2019 14:47

2019 жылдың бірінші жартысында «Эйр Астананың» кірісі 12%-ға, ал жалпы пайдалану шығындары 7%-ға өсті.
Нәтижесінде «Эйр Астананың» қаржылық нәтижелері 54%-ға жақсарды, ал шығыны 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 6 млрд теңгеден 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,7 млрд теңгеге дейін азайды. Авиакомпаниялар үшін бірінші жартыжылдықта қаржылық нәтиже екінші жартыжылдықтағыға қарағанда әдетте төмен болады.
«Эйр Астана» бірінші жартыжылдықта 2,1 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылғыға қарағанда 1% көп. Ішкі трафик 9% өсіммен жақсы нәтижелер көрсетті. «Эйр Астана» 2018 жылдың маусымымен салыстырғанда биылғы жылдың маусым айында ішкі жолаушыларды 39%-ға артық тасымалдағанын айта кеткен жөн. Бұл үдеріс FlyArystan ықпалымен одан әрі жалғасып, арта түседі деген үміт бар.
«Эйр Астана» ұшақтарының орташа жасы 7,36 жылды құрайды. Әуе флоты  Boeing 767/757, Airbus A320/A321 және Embraer E190/Е190-Е2 үлгісіндегі 36 ұшақтан тұрады.
Маусым айында авиакомпания сегізінші рет Skytrax агенттігінің «Орталық Азия мен Үндістанның үздік авиакомпаниясы» санатындағы сыйлығымен марапатталды.

47