ruenkz

British Airways компаниясында орын алған компьютерлік ақауға байланысты мыңдаған адам әуежайдан ұшып кете алмады

Құрылды 26.08.2019 10:26

British Airways компаниясының жолаушыларды тіркеу жүйесінде орын алған компьютерлік ақауға байланысты мыңдаған адам Ұлыбритания әуежайларынан уақытында ұшып кете алмады, деп хабарлайды BBC.
Хитроу әуежайында кем дегенде 81 рейс тоқтатылып, барлығы екі жүзден астам рейс кешіктірілді. Жолаушыларға алдын ала келу ұсынылды. British Airways қызметкерлері әр әуежайда жолаушыларды қолмен тіркеуге мәжбүр болды.
Компания жолаушылардан кешірім сұрап, Хитроу, Гатвик және Лондон Сити әуежайынан таяуда ұшатын рейстердің жолаушылары билеттерін басқа күнге қайта брондай алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, проблема барлық әуежайларда емес, бірнеше әуежайда пайда болғаны айтылды.

14