ruenkz

Boeing алғаш рет ұшақ ливреясын жапсырмалардан ғана жасады

Құрылды 02.09.2019 12:19

Американдық Boeing ұшақ құрастырушысы ұшақ ливреясын алғаш рет толықтай жапсырмалардан (плакардтардан) жасады. Эксперимент үшін Boeing 787-9 таңдалды. Бұл әуе кемесінің фюзеляжі толығымен композиттік материалдардан жасалған. Компанияда бұл технология сертификацияланған жағдайда авиакомпаниялар өз ұшақтарына «суреттер, күрделі көп түсті кескін, логотиптер және бояу сияқты түрлі арнайы жабындар жапсыра алатын болады», деп хабарлайды ATO.ru жаңалықтар порталы.
Қайта боялған, борттық нөмірі  N1015B ұшағы тапсырыстан бас тартқан Hong Kong Airlines авиакомпаниясы үшін шығарылған болатын. Оның арнайы бояуы Boeing қызметкерлерінің қорын қолдау мақсатында жасалды.
Алайда, бояуға қарағанда берік және ұзақ уақытқа тұратын жапсырмаларға авиация саласының өкілдері күмәнмен қарайды. Пайдалануда әуе кемесінің лак-бояулары мен  жапсырмалары жолаушылар траптарынан және бортта тамақтандыру қызметінің тиегіштерінен бүлінген. Фюзеляждың төменгі бөлігінде ұшу және қону кезінде әртүрлі соққы салдарынан жабын бүлінеді. Бүлінген жапсырмаларды қалпына келтіру үшін авиакомпанияның базалық және желілік техникалық қызмет көрсету қоры болуы тиіс. Сарапшылардың айтуынша, бояу орта есеппен 5 жылға дейін, беткі ливрея мен негізгі лак - 7-8 жылға дейін қызмет ететінін ескерсек, жапсырмалар бір-екі жыл ішінде жарамсыз болып қалады екен, сондықтан оларды үлкен көлемде қолдану туралы айту әлі ерте.
 

17