ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласындағы бастауыш партия ұйымдары арасындағы «Бірлік» спартакиадасына қатысты

Құрылды 04.09.2019 10:06

2019 жылғы 29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында елорданың барлық бастауыш партия ұйымдары арасында Конституция күнін мерекелеуге арналған жыл сайынғы «Бірлік» спартакиадасы өткізілді.
Жарыс спорттың бес түрі бойынша ұйымдастырылды: шахмат, үстел теннисі, волейбол, тоғыз құмалақ, мини-футбол.
Үстел теннисі бойынша ерлер арасында қолданушыларды қолдау бөлімінің бастығы Ахметбек Биятов жеңімпаз атанса, әйелдер ішінде құрылыс бөлімінің жетекші инженері Әсем Амантаева екінші орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға медальдар, грамоталар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
 
 

52