ruenkz

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасындағы өзгерістер тақырыбындағы семинар

Құрылды 05.09.2019 16:08

2019 жылғы 29 тамызда Экономика және тарифтер департаменті «Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген «Қазаэронавигация» РМК қызметіне қатысты Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзгерістер және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер талқыланды.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бұрын көзделмеген, 2019 жылға дейін қолданыста болған заң нормалары, сондай-ақ заңнама нормаларын қолдану мәселелері қаралды.
Ағымдағы жылы бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі қаралды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің сәйкесінше 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 және 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрықтарымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру және Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының ережелері талқыланды.
 
 

50