ruenkz

Qantas Airways қонбай 20 сағат ұшуды қызметкерлерімен тестілейді

Құрылды 06.09.2019 10:11

Австралиялық Qantas авиакомпаниясы осы жылдың қазан айында әлемдегі ең ұзақ  ұшу сапарын тестілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bloomberg.
Авиатасымалдаушы Сиднейден Лондон мен Нью-Йоркке жаңа маршруттарды жібермес бұрын, қонбай  20 сағат ұшу кезінде жолаушылардың сезімдерін тексергісі келеді.
Qantas Airways өкілдерінің айтуынша, тест тәртібінде олар осындай ұзақ уақыт ұшудың адам ағзасына қалай әсер ететінін зерттемек.
Тестілеу үшін авиакомпанияның 40-қа жуық қызметкері шақырылады, олар медициналық бақылауда болады және ұшу кезінде өз сезімдерін айтып отырады.
Qantas Airways 2022 жылы Австралиядан Англияға және АҚШ-қа тікелей маршруттар жіберуді жоспарлап отыр.
Алайда авиакомпанияның бас директоры Алан Джойс тасымалдаушы әзірге осы рейстер орындалатын әуе кемелерінің түрін әлі анықтамағанын атап өтті.
Сондай-ақ, жолаушылар үшін барынша жайлылық  күні бойына бортта қалай жасалатыны әлі белгісіз.
Дегенмен, қонусыз 20 сағаттық ұшу — коммерциялық авиацияны,  ал ұзақ уақыттық рейстерді енгізу – азаматтық авиатасымалдарды дамытудағы жаңа белес болатыны сөзсіз. «Осындай рейстерді дайындау барысында алған біліміміз біз үшін баға жетпес тәжірибе», — деді Джойс.
 

54