ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК филиалдарының командалары арасында өткен спартакиада

Құрылды 06.09.2019 14:27

«Қазаэронавигация» РМК-да спортқа деген қызығушылық барлық жерде дамыған, ал салауатты өмір салты корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Кәсіпорын қызметкерлердің салауатты, спорттық өмір салтына деген ұмтылысын толығымен қолдайды.
2019 жылдың 27 тамызы мен 01 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында «Бағанашыл» ССК спорттық кешенінің базасында «Қазаэронавигация» РМК филиалдарының командалары арасында мини-футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша жыл сайынғы турнир ұйымдастырылып, өткізілді.
Турнирге РМК барлық филиалдарынан 18 футбол командасы, Оңтүстік-Шығыс филиалынан, Орталық аппараттан және Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО филиалынан 5 волейбол командасы және Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Семей, Астана, Алматы қалаларынан бір адамнан 11 теннисші қатысты.
Турнирге қатысушылардың жалпы саны 232 адамды құрады.
 
Турнир келесі нәтижелермен аяқталды:
Футболдан –
1-орынды  Оңтүстік-Шығыс филиалының №1 командасы (Алматы қаласы);
2-орынды Батыс Қазақстан филиалының командасы (Ақтөбе қаласы);
3-орынды РМК орталық аппаратының командасы (Астана қаласы) иеленді.
Волейболдан –
1-орынды  Оңтүстік-Шығыс филиалының №1 командасы(Алматы қ.);
2-орынды Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО филиалының командасы (Астана қаласы);
3-орынды РМК Орталық аппаратының командасы (Астана қаласы) иеленді.
Үстел теннисі бойынша –
1-орынға Биятов А. Т. (Орталық аппарат, Астана қаласы);
2-орынға Сырымбетов Ж. К. (Қарағанды филиалы, Қарағанды қаласы);
3-орынға Е. С. Ермұханов (Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО филиалы, Астана қаласы) ие болды.
 
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Қазаэронавигация» РМК медальдары мен дипломдары берілді.
Спартакиаданың салтанатты жабылуы шаттық мен қуаныш атмосферасында өтіп, қатысушыларға сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 

62