ruenkz

Ұлы Абайға арналады …

Құрылды 09.09.2019 13:32

2019 жылғы 30 мамырда  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының  175 жылдық мерейтойын  мерекелеу  туралы  Жарлыққа  қол қойды.  
Әлеуметтік желіде осы жылдың 31 мамырында #Abai175 челленджі басталды. Қазақстандық акцияға 12 ел қосылды - Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Италия, Мысыр, Түркия, АҚШ, Украина, Австралия, Қырғызстан, Франция  және  Қытай.
Челленджді  бастап берген  «Болашақ» бағдарламасының   түлегі  Шынар Шәкен.  Ол  Абайдың  өлеңдерін  оқуды және  желіге  бейнероликтерді салуды  ұсынды.  Астанамыздың  9 жасар  мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ  эстафетаны  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа  тапсырғаннан  кейін  акция  танымал  бола бастады. Президент  жастарды   ғылымға, білімге, мақсатқа жетелейтін  «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен  үзінді оқыды.  Содан соң,  эстафетаны   Ғылым және білім  министрі  Асхат Аймағанбетовке,  Мәдениет және  спорт министрі  Ақтоты Райымқұловаға және  дүниежүзіне  әйгілі  талантты  әнші  Димаш Құдайбергеновке тапсырды.
Абай  шығармаларын оқуды көптеген  атақты   қазақстандық   мәдениет және спорт,  саясат қайраткерлері,  халықаралық  дипломаттар  қолдады.
Абайдың 175 жылдығына арналған  эстафетаны  қолдау  мақсатында   Қазақстан  халқының  тілдер  күні мерекесі аясында  «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының   жұмыскерлері  2019 жылғы 05  қыркүйекте  Абай Құнанбайұлының  өлеңдерін  оқу  бойынша  іс-шара  өткізді.  
Іс-шарада  филиал  жұмыскерлері  Ұлы  Абайдың  өлеңдерін  қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерінде  оқыды.  «Балқаш» және «Жезқазған»  алыс жердегі  орындары да  тыс қалған  жоқ,  олардың  таланттары бейне конференция арқылы көріп  тамашаланды. 
 Шараға бас бухгалтер А.Ж.Бексейітова, метеорологиялық қызметінің  бастығы  С.Ш.Мұқашев, ӘШБ бастығы А.Ә.Қырғызалин, архивариус Б.А. Әкімбекова, ҰРТҚК инженерлері В.В. Дельхман, А.В. Гордеев, А.Қ. Ибрахимова, филиалдың  жас мамандары  А.А.Мағзұмова, А.С.Тасанов, Н.Е. Сарбаев, С.Ж.Жаңбырбаев, С.М.Мақсұтова, Т.Е.Нұрахметова белсене  қатысты.
 «Балқаш» АЖО учаске бастығы Д.В.Бухало, ұшу басшысы Д.Н. Сторчевой, тағылымдамадан  өтуші  диспетчер В.И.Кузбарский, РТЖБП қызметінің бастығы В.И.Ясаков, ҰРТҚК  инженері А.А.Коновалов сияқты  жұмыскерлер  Абайдың  өлеңдерін   қазақ тілінде мәнерлеп  оқудан  ерекше  көзге түсті.  
Филиал жұмыскерлері өз кезегінде  осы эстафетаны  «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ  және  «Қазаэронавигация» РМК Өскемен  филиалының ұжымдарына жолдады. 
Өзінің   әріптестерімен мерекеге қатысқан  «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ   басқармасының  төрағасы  С.М.Көшкінов үлкен ризашылықпен  эстафетаны қабылдады.
Мереке  Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталды. Әдемі әнді  ҰРТҚК  инженері А.В.Гордеев және  архивариус Б.А.Әкімбекова орындады.
 
P.S. толық видео https://yadi.sk/i/oQYZW4bINxKdqw          
 
    
                                                  

107