ruenkz

Ми-8 тікұшақтарын 2020 жылы Алматыда жинап бастайды

Құрылды 10.09.2019 15:13

Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын Қазақстанда ірі тораптық құрастыру бұрын жарияланған мерзімнен кеш,  яғни 2020 жылдан кейін басталады. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен РФ Өнеркәсіп министрлігінің басшысы Денис Мантуровпен МАКС-2019 авиасалонында кездесу барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды АТО.ги.
Ресейлік «Вертолеты России» холдингі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан инжиниринг» компаниясы және авиажөндеу кәсіпорны арасындағы Алматыдағы № 405 авиажөндеу зауыты базасында ӘК құрастыруға арналған келісімшартқа 2019 жылдың қаңтарында қол қойылды. Тікұшақтарды құрастыру келесі жылдың бірінші жартысында басталуы мүмкін, бірақ жоба бойынша нақты мерзімдері аталмады.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарының негізгі тапсырыс берушілері бірқатар мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық авиакомпаниялар болып табылады.
 

6