ruenkz

45 жыл бойы азаматтық авиацияда!

Құрылды 02.10.2019 16:48

«Қазаэронавигация» РМК «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалының ұжымы Фарид Вазихович Шагиевті азаматтық авиациядағы 45 жылдық еңбек өтілімен құттықтайды.
Фарид Вазихович өзінің Талдықорған біріккен авиаотрядының қозғалыс қызметінің диспетчерінен бастап, «Қазаэронавигация» РМК «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалының ӘҚҚ қызметінің әуеайлақтық диспетчерлік орталығының бастығына дейінгі еңбек жолын азаматтық авиацияға арнады.
Осы қызметінің барысында Фарид Вазихович өзін жауапты әрі жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. 
Тәжірибелі тәлімгер бола отырып, Фарид Вазихович қазіргі уақытта диспетчерлік жаттығу орталығының нұсқаушысы қызметін атқарады және жас диспетчерлермен өзінің баға жетпес тәжірибесімен алмасып жүр.
Құрметті Фарид Вазихович, Сіздің көпжылдық еңбегіңіз үшін алғыс айта отырып, зор денсаулық және мол табыс тілейміз!
 

21