ruenkz

Ақтаудағы денсаулық фестивалі

Құрылды 03.10.2019 14:42

Ақтау қаласының теңіз жағалауында Маңғыстау облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған жылдағы денсаулық фестивалі өтті, оған «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының қызметкерлері де қатысты.

Фестиваль бағдарламасы аясында Самал қонақүй кешенінен  амфитеатрға дейінгі қашықтыққа жүгіру марафоны, көпшілік таңғы жаттығу және би флешмобы өткізілді, спортшылардың өнері көрсетілді. Қала тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен жұмыс жасады.

26