ruenkz

World Routes - 2019

Құрылды 04.10.2019 14:29

«Қазаэронавигация» РМК делегациясы Аделаида қаласында (Австралия) 2019 жылғы 21-24 қыркүйек аралығында өткен World Routes әуетасымалдау әлемдік индустриясы қатысушыларының халықаралық салалық кездесуіне қатысты.
World Routes ұйымдарға жетекші әлемдік авиакомпаниялар және әуежайлармен жаңа іскерлік мүмкіндіктерді талқылау үшін тиімді платформа ұсынады.
Бұл іс-шараға авиациялық саланың 2000-нан астам өкілі (200 авиакомпания мен 600 әуежайдан астам) қатысты: халықаралық авиакомпаниялар мен әуежайлардың өкілдері, агенттер, туроператорлар, жеткізушілер, инвесторлар, халықаралық және аймақтық қауымдастықтар.
Төрт жұмыс күні ішінде Saudi Arabian Airlines, Qatar Airways, Oman Air, Malaysia airlines, Alitalia, Qantas Airways Limited, China Southern Airlines, Hongkong Airlines, Philippine Airlines, Hainan Airlines, ShenzhenAirlines, S7 Airlines авиакомпанияларымен жаңа транзиттік рейстер мен қонумен орындалатын рейстерді ашу мәселесі бойынша екі жақты кездесулер өткізілді.
Тікелей кездесулер форматында авиакомпаниялардың «Қазаэронавигация» РМК-мен және қазақстандық әуежайлармен өзара іс-қимыл мәселелері, Қазақстаннан Еуропаға және Азияға ұшатын бағыттарды дамыту перспективалары, әуе қатынасы мен жаңа бағыттарды дамыту мәселелері талқыланды.

 

122