ruenkz

FlyArystan Ақтөбеде жаңа авиациялық базаның ашылағаны туралы хабарлады

Құрылды 07.10.2019 10:19

Бұл лоукостердің Қазақстандағы төртінші базасы.

FlyArystan авиакомпаниясы Ақтөбеде жаңа авиациялық базаның ашылғанын жариялады, деп хабарлайды лоукостердің баспасөз қызметі.

«FlyArystan 2020 жылдың екінші тоқсанынан бастап Қазақстанның тағы бір өңірлік қаласы – Ақтөбеге тұрақтайтын болады. Бұл Батыс Қазақстандағы алғашқы база, ол Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыдан кейінгі FlyArystan төртінші авиациялық базасы болмақ", – деп хабарлады компанияда.

«Эйр Астана» президенті және бас атқарушы директоры Питер Фостер базаның ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін және облысқа бизнесмендер мен туристердің жаңа легін шақыратынын атап өтті. Ақтөбедегі жаңа авиациялық базада 120-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе халықаралық әуежайын өте тиімді деп атады, себебі өңір көршілес екі елмен, сондай-ақ Қазақстанның алты облысымен шектеседі. Бұл жергілікті туризмді дамыту мәселесіндегі негізгі фактор болып табылады.

«Өткен жылы Ақтөбе облысының аумағында туристік жобаларды дамыту үшін шамамен 3 млрд теңге инвестиция тартылды. Сондықтан біз кең маршруттық желіге және FlyArystan қолжетімді тарифтеріне үлкен сенім артамыз және екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық орнайды деп үмітттенеміз, – деді Ақтөбе облысының басшысы.

98