ruenkz

Air Astana флотын жаңартпақшы. Тасымалдаушы ТМД бойынша бірінші болып А321LR ұшағын алды

Құрылды 10.10.2019 14:15

Қазақстанның ірі авиатасымалдаушысы Air Astana А321LR ұшағын алып, ТМД бойынша осы үлгідегі әуе кемесінің алғашқы пайдаланушысы болды. Тасымалдаушының баспасөз қызметі А321LR ұшағының Air Astаna паркінде Boeing 757 ұшағын кезең-кезеңімен ауыстыратынын айтты.

21 қыркүйек күні Алматыға Гамбург қаласындағы  өндіруші зауыттан келген борттық нөмірі P4-KGA жаңа А321LR ұшағы Pratt & Whitney шығарған PW1133G қозғалтқышымен жабдықталған және Boeing 757 сияқты экономкласта 150 жолаушы, бизнескласта 16 адам тасымалдауға есептелген (А321LR бизнес-сегментіндегі креслоларды кереуетке орналастыруға болады). Ұшақ әзірге коммерциялық пайдалануға берілген жоқ.

Қазіргі уақытта қазақстандық тасымалдаушы лизинг берушімен келісімшарт бойынша қосымша үш А321LR ұшағын алуға ниетті. Airbus өндірістік қуатына қарай Air Astana алдағы бір жарым жыл ішінде келісімшарт аясында қалған А321LR ұшақтарын алады.

105