ruenkz

Кәсіби дайындау орталығындағы ұшу практикасы

Құрылды 14.10.2019 14:19

Кәсіби дайындау орталығында әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері үшін өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті білім, дағды мен нұсқауларды үйренуді көздейтін даярлаудың біліктілік жүйесіне сәйкес кәсіби даярлау жүргізіледі.

Диспетчерлер үшін бастапқы дайындау кезінде алған дағдылары мен нұсқаулары өте маңызды.

Ол үшін Кәсіби дайындау орталығында оқыту компьютерлер мен зертханалық жабдықтарды пайдалана отырып, әртүрлі оқу іс-шараларын – дәрістер, оқу тәжірибесі, тақырыптық зерттеулер, жаттығу құрылғысында даярлау бойынша жүргізіледі.  

Ұшудың негізгі қағидаттары, аэродинамика және радиоалмасу фразеологиясы туралы білім алу мақсатында әуе кемесінің бортында ұшу практикасы көзделген.

Бұл практика бүкіл әлемде тек ұшқыштарды ғана емес, диспетчерлерді де дайындау үшін қолданылады және болашақ авиадиспетчерге таңдаған мамандығының маңыздылығы мен ерекшелігін көруге, диспетчер-пилоттың өзара іс-қимыл қағидаларын түсінуге мүмкіндік береді.

Кәсіби дайындау орталығының тыңдаушылары жаз мезгілінен бастап қазан айына дейін Қазақстанның ұшқыштар мектептерінде шағын авиация ұшақтарында ұшу практикасынан өтеді.

Осылайша, 2019 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін ұшу қызметімен танысу практикасынан ӘҚҚ диспетчерлерінің 3 бастапқы даярлау тобы өтті.

195