ruenkz

Бұрынғы авиадиспетчерлер болмайды!

Құрылды 15.10.2019 17:09

Ұлы Отан соғысының ардагері, авиадиспетчер, еңбек ардагері Иван Петрович Руденко 95 жылдық мерейтойын атап өтті.
«Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров Иван Петровичті мерейтойымен құттықтап, оған денсаулық, күш-қуат тіледі, еңбегін алғыс хатпен атап өтіп, бағалы сыйлық берді.
 
Иван Петрович Руденко 1924 жылы 12 қазанда дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін, 1950 жылдан бастап Қостанай әуежайында қозғалыс қызметінің диспетчері болып жұмыс істеді.
1965 жылы оны тәжірибелі маман ретінде ұшу басшысы етіп тағайындайды.
1968-1979 жылдары Қазақ азаматтық авиация басқармасының Гурьев, Целиноград және Бурундай Біріккен авиаотрядтары әуежай бастығының қозғалыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
1984 жылы авиадиспетчер қызметінен құрметті демалысқа шықты.
Филиал ұжымы және шақырылған қозғалыс қызметінің зейнеткерлері ардагерге шын көңілден жылы лебіздерін білдіріп, 95 жасымен құттықтады.
Ыстық шай, бірге еңбек еткен жылдары туралы естеліктер Иван Петрович пен оның зайыбының көңіл-күйін көтерді. Мерекелік үстел басында қатысушылар жұмыс туралы әңгімелерді тыңдап, мерейтой иесінің сергектігіне, оптимизміне, қалжыңбастығына таң қалды.
 
 

 

241