ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК үстел теннисі командасы «Қазақстан – спорттық ел!» турнирінде бірінші орынды иеленді

Құрылды 21.10.2019 16:17

Үстел теннисінен «Қазаэронавигация» РМК құрама командасы кезекті рет жеңіске жетті.
5 қазанда «Қазақстан – спорттық ел!» турнирі өтті. «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының кубогына мини-футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша 30 бастауыш партия ұйымдарынан 700-ден астам адам қатысты.
Биятов Ахметбек, Ермұханов Еркінбек және Амантаева Асем құрайтын «Қазаэронавигация» РМК командасы күрделі топқа кіріп, онда жарыстың финалдық бөлігіне шығу үшін экс-жеңімпаздармен қызу сайысқа түсті.
Спорттық шеберлік пен ерік-жігерді көрсете білген біздің команда бірінші орынға ие болды.
Биятов Ахметбек бірде-бір кездесуден ұтылмай, турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Турнир соңында жеңімпаздарға кубоктар, естелік медальдар мен сыйлықтар табыс етілді.
 
  

194