ruenkz

Болашақ ұшақтарында жолаушыларды қадағалайтын болады

Құрылды 28.10.2019 16:16

Француз ұшақ құрастырушысы келешектегі Airbus ұшағын қандай етіп көретінін айтты. Бұл туралы Travel and Leisure жазады.

Лос-Анджелестегі салалық іс-шара аясында Airbus маркетинг жөніндегі вице-президенті Инго Вуггетзер компания келешектегі ұшақтардың  жарақталуын қандай етіп көретінін айтып берді. Оның айтуынша, әуе кемелері экипаж мүшелеріне жолаушыларға ұшу барысын жағымды және қауіпсіз  етуге көмектесетін жоғары технологиялық гаджеттер жиынтығымен жабдықталатын болады. "Болашақ лайнерлері авиакомпанияларға көп ақша үнемдеуге және жолаушылардың кез келген қажеттіліктерін жаңылыспай қанағаттандыруға мүмкіндік береді", — деп мәлімдеді маман. 

Болашақ ұшағын салон бойынша тұтас датчиктермен жабдықтау жоспарланып отыр. Оның ішінде қауіпсіздік белдігінің, орындық арқаларының датчиктері, сондай-ақ дәретхана бөлмелерінің жанындағы камералар. Болашақ ұшағындағы әрбір орын жолаушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаға салынатын болады. Бұл ұшу кезінде жолаушының отыру қалпына, тамақтану мен уақыт өткізудегі қалауына  қатысты. "Мұндай ұшақтар — түс емес, бірақ олар аспанда іс жүзінде қай кезде пайда болатынын нақты айта алмаймыз", - деп нақтылады И. Вуггетзер. 

 

108