ruenkz

Ақтау филиалының ұжымы қызметкерін мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады

Салынған уақыты 25.11.2020 10:27

Ақтау филиалының ұжымы Раушан Шалабайқызы Тастемірованы 50 жас мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады.

Раушан Шалабайқызы 1970 жылы 20 қарашада Бейнеу ауданы Қызыләскер ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Ақтөбе байланыс электртехникумын «Автоматты электр байланысы» мамандығы бойынша аяқтады. 2006 жылдан бастап Ақтау филиалында ҰРТҚ кешенінің технигі болып еңбек етеді. Ол «Бейнеу» ретрансляторын пайдалануға беруде, кейін «Бейнеу» алыс жердегі орнын пайдалану кезіндегі жұмыстарға үлкен үлес қосты. Жұмыс жасаған уақытында ол өзін білікті маман және адал қызметкер ретінде таныта білді, әріптестер арасында құрметке ие.

Раушан Шалабайқызына мықты денсаулық, сарқылмас қуат, отбасына ортаймас бақ, кәсіби қызметіне жемісті еңбек тілейміз.

256