ruenkz

Авиациялық қауіпсіздік саласында кейбір нормативтік құқықтық актілер қабылданды

Салынған уақыты 26.11.2020 09:35

Халық арасында авиациялық қауіпсіздік туралы ақпарат таратуды күшейту және авиациялық қауіпсіздік мәдениетін нығайту мақсатында ИКАО Кеңесі 2021 жылды «Авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылы» деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл мәселеге осылайша ерекше назар аудару АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыркүйкте болған қайғылы оқиғаларды еске алу үшін 2021 жылы оның 20 жылдығын атап өтуге ықпал етті.

Осыған байланысты азаматтық авиация үшін қауіп-қатердің маңыздылығын әрдайым есте сақтау және түсіну, сондай-ақ реттеуші нормативтік құқықтық актілерде жаңа ережелерді әзірлеу және қабылдау арқылы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің озық әдістерін тұрақты негізде ілгерілету өте маңызды.

Авиациялық қауіпсіздік саласындағы тиісті нормативтік-құқықтық актілерді шығару және оларды азаматтық авиация субъектілерінің іс жүзінде қолдануы авиациялық қауіпсіздік мәдениеті туралы ақпаратты тарату саласындағы стратегияларды, жоспарлар мен шараларды жүзеге асыруға қойылатын ИКАО-ның негізгі талаптарының бірі.

Осыған байланысты және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның  нормативтік құқықтық актілерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау ұлттық бағдарламасына және авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгілік бағдарламасына (тексеру парақтары) елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  

Аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің төрағалығымен салалық сарапшылардың қатысуымен өткен индустрия мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жан-жақты қаралып, бекітілді.  

Енгізілген түзетулер авиациядағы киберқауіпсіздік бойынша персоналды даярлауды, азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау мәселелері бойынша авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшы құрамы үшін қосымша дайындық сабақтарды, қашықтықтан емтихандар өткізуге мүмкіндік беруді, азаматтық авиация ұйымы қызметінің типтері мен санаттары бойынша тексеру парақтарын бөлуді және т. б. қамтиды.

Қазіргі уақытта авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау мен қайта даярлаудың жаңартылған бағдарламасы және авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгілік бағдарламасы (тексеру парақтары) «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ интернет порталының авиациялық қауіпсіздік бөлімінде және «Әділет» заң базасында қолжетімді.

206