ruenkz

IATA авиакомпаниялардың 2021 жылға шығындарын болжады

Салынған уақыты 27.11.2020 13:42

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) болжамында авиакомпаниялар 2021 жылы әр жолаушыға шаққанда $38,7 млрд немесе $13,78 мөлшерінде таза шығынға ұшырайды делінген.

Ұйымның мәліметінше, жағдайдың жақсаруын тек 2021 жылдың төртінші тоқсанында күту керек, бұл кезде әуе тасымалдаушыларының шығындарды азайту бойынша агрессивті саясаты және шекаралар ашылғаннан кейін сұраныстың артуы ақша ағымының қайтадан оң нәтиже көрсетуіне әкеледі.

Келесі жылы жалпы жолаушылар ағыны 2020 жылмен салыстырғанда                       1 миллиардтан 2,8 млрд адамға дейін артады, алайда IATA-да атап өткендей, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7 млрд жолаушыға кем болады.

Ұйымның есептеуі бойынша ұшақтарды жүктеу 2020 жылғы 65,5%-дан 2021 жылы 72,7%-ға дейін артады. 2019 жылы ол 82,5% құрады.

IATA-да тасымалдарды қалпына келтіру жолы ұзақ әрі күрделі болады деп санайды және авиакомпаниялар 2019 жылғы көрсеткіштерге 2024 жылдан ерте орала алмайды. Бұл ретте ішкі нарықтар халықаралық нарықтарға қарағанда тезірек қалпына келеді.

166