ruenkz

IATA медициналық жол жүру құжатын жасауды жоспарлап отыр

Салынған уақыты 30.11.2020 14:12

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) шекаралардың қауіпсіз ашылуына ықпал ететін медициналық жол жүру картасын (IATA Travel Pass) жасауды жоспарлап отыр. IATA шешімін іске асыруды British airlines және Iberia біріктіретін International Airlines Group бірлесіп жүргізеді. Жол жүру билеттерін сынау осы жылдың соңына, толық іске қосу – 2021 жылдың I тоқсанына жоспарланған деп жазады Интерфакс.

«Мемлекеттер тестілеуді COVID-19 таралу қаупін шектеу құралы ретінде саяхатшылар үшін өз шекараларын карантиндік шараларсыз ашқан кезде қолдана бастайды. IATA Travel Pass мемлекеттер, авиакомпаниялар, зертханалар мен саяхатшылар арасындағы тестілеу немесе вакциналар туралы қажетті ақпарат ағынын басқарады және тексереді», — делінген қауымдастық хабарламасында.

«Бүгін шекаралар екі құлыпқа жабылды. Тестілеу – бұл халықаралық сапарларға карантиндік шараларсыз мүмкіндік берудің алғашқы кілті. Екінші кілт – шекаралық бақылау талаптарына сәйкес саяхатшылардың жеке куәліктеріне сәйкес келетін сынақ деректерін қауіпсіз басқару, бөлісу және тексеру үшін қажет ғаламдық ақпараттық инфрақұрылым. Бұл IATA Travel Pass жұмысы», — деді IATA бас директоры Александр де Жуньяк.

185